FlyArystan Қырғыстанға ұшатын болады

0

Қазақстандық лоукостер FlyArystan әуекомпаниясы Түркістан-Бішкек-Түркістан жаңа бағыты бойынша билет сатылымын ашық деп жариялайды. Бішкекке тұрақты рейстер 31 мамырдан бастап, аптасына 2 рет, дүйсенбі және бейсенбі күндері Алматы мен Нұр-Сұлтаннан Түркістан арқылы орындалады. Билеттер әуекомпанияның мобильді қосымшасында және flyarystan.com сайтында қолжетімді.

«Біз бағдарлар желісін кеңейтіп, Қырғызстан мен Қазақстан арасында ыңғайлы сапарға мүмкіндік беретін жаңа халықаралық рейстің ашылуы жайлы қуана хабарлаймыз. Тиімді бағалар мен ыңғайлы тоғысулар Алматы мен Нұр-Сұлтан тұрғындарына Бішкекке Түркістан арқылы саяхаттауға жаңа мүмкіндіктер ашады», — дейді коммерциялық директор Жанар Жайлауова. «Халықаралық бағыттарды ашу біздің әуефлотымызды кеңейту себебімен мүмкін болды, мамыр айында біз 10-шы Airbus A320 ұшағын флотымызға қостық және бұл бұдан да көп бағытты жүзеге асыруға мүмкіндік береді», — деп коммерциялық бөлім басшысы түйіндеді.

Естеріңізге сала кетсек, 1 мамырда FlyArystan өзінің 2-ші туған күнін атап өтті. Екі жыл ішінде әуекомпания 3 млн-нан астам жолаушыны тасымалдады. Бүгінде  FlyArystan ұшақтары Қазақстанның 14 қаласына қатынайды, наурызда FlyArystan Түркістанмен Ыстамбұлды және 2 мамырда Атырау, Ақтау және Нұр-Сұлтан қалаларын Грузияның Кутаиси қаласымен байланыстырды.