«Флойд өзі хабарласты». Нурмагомедов — Мейвезер жекпе-жегі қашан және қайда өтетіні айтылды — Бокс
Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің әкесі «Известия» басылымына берген сұхбатында бокстан бұрынғы әлем чемпионы америкалық Флойд Мейвезермен жекпе-жек өткізу мүмкіндігі жайлы айтты, — деп хабарлайды Vesti.kz.
«Хабиб пен Мейвезер жұдырықтасуы мүмкін. Флойд біздің командамен байланысқа өзі шықты. Сондықтан бұл екі жаққа ғана емес, салмақты инвесторларға да қызықты. Жекпе-жек 4 мамыр Грозныйдағы 30 мың адамға арналған «Ахмат-Аренада» өтуі мүмкін. Хабиб мықты боксшылармен спарринг өткізіп жүр және жаман емес сияқты. Егер бізді тоғыз айға шеттесе, бокс ережесі бойынша жұдырықтасу мүмкіндігін пайдалана аламыз. МакГрегор мен Мейвезер жекпе-жегін көрдік, онда Конор үш-төрт раунд жақсы жүрді. Хабиб одан көбірек жасай аларына сенімдімін. Кемінде жеті-сегіз раунд. Мейвезер 41-ге келді, оның жасы мен Хабибтің шыдамдылығын есепке алу қажет», — дейді Абдулманап Нурмагомедов
Сонымен қатар, UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың әкесі ресейлік спортшының жаттығу шараларын кімдермен жүргізіп жатқанын мәлімдеді.
«Мейвезер қашықтықта мықты. Өте жылдам және өзіне сенімді. Алайда Хабиб қашықтықта жаман ба? Эдсон Барбоза, Майкл Джонсон мен Конор МакГрегорды құлатып жүрсе, оның соққысына қандай күмән бар? Оның үстіне бізде уақыт бар, Анатолий және Василий Ломаченкомен дайындалуға», — деді ол.