Фируза Шарипова жарақаттанып қалды | КТК

0
Фируза Шарипова жарақаттанып қалды


WBO чемпионы Фируза Шарипова WBC белбеуінің иегері финляндиялық Ева Вальстрмен жекпе-жекке дайындық барысында жарақат алып қалды.

Бұл туралы боксшы қыздың баспасөз қызметі мәлімдеді. Еске салайық, жекпе-жек 22 желтоқсан Петерборда өту керек еді. Дәрігерлердің болжамынша, Шарипованың сауығуына бір айдай уақыт қажет. Осы себепті жекпе-жек кейінге шегерілді. 

«Фируза жарақатымен жұдырықтасуға дайын еді. Бірақ бұл жоғары деңгейдегі жекпе-жек, бұған жол бере алмадық. Бапкерлер штабы жекпе-жекті шегеру туралы шешімге келді. Дәрігерлердің кеңестерін ұстанамыз, Фирузаның денсаулығын сақтау үшін. Ең беделді бокс ұйымының белбеуін иелену мүмкіндігін жібергіміз келмейді. Ева Вальстрем командасына хабарладық, жекпе-жектің жаңа мерзімін талқылаймыз. Оған жаттығу процесіне кеткен шығынды жартылай өтеп беруге дайынбыз және ол аралық жекпе-жек өткізбейді деген үміттеміз», — дейді Шарипованың менеджері Завилейский.

Дереккөз: vesti.kz