Фируза Шарипова: Қазақстанда маған қолдау болған жоқ, сондықтан мені чемпиондық белбеуімнен айырды — Қазақстан жаңалықтары
Кәсіби бокстан чемпиондық белбеулер иесі Фируза Шарипова екінші жартылай жеңіл салмақта алған титулына байланысты пікір білдірді.
«Бүгін БАҚ-тан мені IBO мен WBC Silver нұсқасы бойынша чемпиондық белбеулерден айырғанын білдім. Ол ұйымдардан ресми түрде мәлімдеме әлі алған жоқпыз. Бірақ жақында береді деп ойлаймын. Өйткені, бір жылдан астам ережеде қаралғандай маған қолдау болған жоқ. WBC және IBO Championship әлемдік жекпе жектерін өткізгіміз келді. Демеуші болуға көмек сұрадық. Тек құрғақ уәделер ғана болды. Енді командамыз менің үшінгі категориядағы салмақ бойынша әлем чемпионы болуым үшін жұмыс істеп жатыр. Бәрі жақсы болады деп ойлаймын. Қаржы жағы әлі де қиын болып тұр», — дейді Шарипова.
Ол әлі де WIBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы. Титулдан айырылғаны өзінің не командасының кінәсі емес екендігін айтты.
«Мен белбеуден жекпе жекте айырылған жоқпын. Қазақстанда мені ешкім қолдаған жоқ», — деді Шарипова желідегі парақшасында.
stan.kz