Филипин азаматы хал үстінде жатыр

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Бақыт Сұлтанов қайтыс болған азаматтардың отбасына көңіл айтып, трагедияның себебін анықтауды тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі бүгінгі жол-көлік оқиғасынан қайтыс болғандардың отбасына және зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

«Қайтыс болған жандардың туған-туыстарына әкімдік атынан және өз атымнан қайғыра көңіл айтамын. Бүгінгі апат салдарынан екі адам қайтыс болып, 36 адам түрлі жарақат алған. Қазір олар медициналық көмек алуда», — деді Бақыт Сұлтанов әкімдікте өткен жиналыста.

Осы орайда әкім бүгінгі жол-көлік оқиғасынан қайтыс болғандардың отбасына, зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетуді және жол апатының себебін анықтауды тапсырды.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқарма басшысы Қамалжан Надыровтың айтуынша, оқиға орнында жедел жәрдемнің 19 бригадасы жұмыс істеп жатыр. Барлығы 36 адам зардап шеккен, екі адам қайтыс болып, 26 адам ауруханаға жатқызылған. Қазір үш адамға операция жасалуда, тағы төрт адам дайындалуда. Олардың қатарында 1983 жылы туған Филипин елінің азаматы бар, оның жағдайы ауыр. Алдын ала диагнозы: «Кеуде қуысы жарақаттанған және жамбасы сынған». Зардап шегушілермен психологтар жұмыс істеуде», – деді Қ.Надыров.

Жол патына жедел жәрдем көлігі де түскен. Оның ішінде екі фельдшер мен жүргізуші болған. Жүргізуші дін аман. Ал бір фельдшер жабық бас сүйек-ми жарақатымен бірінші қалалық ауруханаға жеткізілген.  

Бүгін Ұлы дала көшесі мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысында үш автобус пен жеңіл көліктер жол апатына ұшырады. Қала маңына қатынайтын № 303 бағдардағы автобус № 12 автобусымен соқтығысқан болатын.



sputniknews.kz