«Филип Моррис Интернэшнл» басшылықтың ауысқаны туралы жариялады
«Филип Моррис Интернэшнл» (ФМИ) компания басшылығының жоспарланған ауысуы туралы жариялады, ол 2021 жылдың мамырында аяқталады. Қазіргі бас директор Андре Каланцопулос басқарма төрағасы болып тағайындалды, ол бұл лауазымға 2021 жылдың мамыр айындағы жыл сайынғы акционерлер жиналысының алдында орналасады. Жеке себептерге байланысты қазіргі төраға Луи Камиллери жарияланған күннен бастап отставкаға кетуге ниет білдірді. Тиісінше, ФМИ тәуелсіз төрағалық етуші директоры Лусио Ното уақытша төраға қызметін атқарады. ФМИ-дің қазіргі бас операциялық директоры Яцек Ольчак мамыр айындағы акционерлер жиналысынан кейін компанияның бас директоры ретінде Каланцопулостың орнын басады. Яцек Ольчак компанияның Директорлар кеңесіне сайлану үшін де ұсынылады деп күтілуде. Яцек Ольчак 2018 жылдың қаңтарынан бастап ФМИ бас операциялық директоры қызметін атқарды және бұрын 2012 жылдың тамыз айынан 2018 жылдың желтоқсанына дейін қаржы директоры қызметінде болды.
Басшылардың жоспарланған ауысуы бірқалыпты өтуді жүзеге асыруға және компанияны басқарудағы сабақтастықты сақтауға мүмкіндік береді. Камиллери, Каланцопулос және Ольчак ФМИ тәуелсіз құрылымға айналғаннан бері тығыз жұмыс істеді. Олар бірыңғай стратегиялық көзқарасқа ие, олардың бірлескен басшылығымен ФМИ айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді, соның ішінде бизнесті трансформациялауда және түтінсіз өнімдерді өндіруде сөзсіз көшбасшылыққа ие болды.
Луи Камиллери: «Мен басқарма төрағасының рөлін Андреге бергеніме қуаныштымын. Сондай-ақ 2021 жылдың мамыр айынан бастап Яцектің компанияның басшылық тізгініне отыратынына қуаныштымын. Оның ФМИ-мен бірге жүріп өткен жолы мен көшбасшылық қасиеттерін ескерсек, ол – Андренің лайықты мұрагері. Компаниядағы 40 жылдық мансабым туралы ой қозғай отырып, мен компанияға, оның директорлар кеңесіне, оның қызметкерлері мен акционерлеріне қызмет етуді артықшылық ретінде бағалаймын. Біз бірге жүзеге асырған және ФМИ-ді әлемдегі жетекші және ең прогрессивті темекі компаниясына айналдырған осы таңғажайып сапарымыз үшін барлығыңызға шын жүректен алғыс айтқым келеді. Мен компанияның сенімді қолда екендігіне және жаңа басшылықтың түтінсіз бизнес туралы біздің көзқарасымызды жүзеге асыра алатындығына шын сеніммен отставкаға кетіп барамын».
Директорлар кеңесінің атынан сөз сөйлеген Лусио Ното: «Жарияланған шешімдер – көп жылдық сабақтастық жоспарын нақты ұстанудың нәтижесі, сондай-ақ біздің компанияның қаншалықты жақсы басқарылатындығын көрнекі түрде көрсету. Директорлар кеңесі Яцек пен Андренің басшылығымен ФМИ инновациялық шешімдерді енгізуді, өркендеуді және акционерлік құнды арттыруды жалғастыратынына сенімді. Мен Луиге өзінің адалдығы мен мансаптық кезеңінде компанияға қосқан үлкен үлесі үшін барлығымыздың атынан алғысымды айтқым келеді. Директорлар кеңесінің барлық мүшелеріне оның орны әрдайым ерекше».
Андре Каланцопулос да өз ойын білдірді: «Біздің төраға және бұрынғы бас директор Луи Камиллеридің ізімен жүру мен үшін үлкен мәртебе. ФМИ басшылығының атынан мен компанияның жетістіктеріне қосқан үлкен үлесі, сонымен қатар, оның көшбасшылығы, басшылығы, адалдығы және ең алдымен, таңғажайып адами қасиеттері үшін зор ризашылығымды білдіргім келеді. Оның керемет басшылығынан бөлек, бәрімізге үздік тұлға мен дос жетіспейтін болмақ.
Бас директор ретінде жұмыс істеген жеті жыл ішінде біз ФМИ-ді түтінсіз болашаққа дайындадық және ол болмаған жағдайда темекі шегуді жалғастыратын ересектер үшін ғылыми негізделген баламалар жасадық. Бізде дәстүрлі және түтінсіз өнімдердің әлемдегі ең озық портфолиосы, тамаша басқару командасы және тиімділігі жоғары, тез үйренуге қабілетті ұйым бар. Біз болашақ табыстарымызға толық сенімдіміз. Мен CEO өкілеттігін Яцек Ольчакқа тапсыруға қуаныштымын. Онымен ондаған жылдар бойы тығыз жұмыс істедік, мен оның компанияға және біздің қызметкерлерімізге деген адалдығы, нәтижеге ұмтылуы және өнімдерімізді, жүйелерімізді, құндылықтарымыз бен инвесторларымыздың мүдделерін терең білуі оны біздің бизнесіміздің тұрақты өсуін қамтамасыз етуде және компанияның акционерлік құнын арттыруда тамаша көшбасшыға айналдыратынын жақсы білемін.
Мен директорлар кеңесіне, жоғары басшыларға, қызметкерлерге, іскер серіктестерге және акционерлерге менің бүкіл басшы мансабымда қолдау көрсеткені үшін алғысымды білдіргім келеді. Сіздер шабыт пен күштің баға жетпес қайнар көзі болдыңыздар, барлығыңызбен бірге жұмыс істеу мен үшін үлкен мәртебе».
Яцек Ольчак өзінің тағайындалуы туралы сөз алды: «Мен ФМИ-ді басқару мүмкіндігіне өте қуаныштымын. Андремен бірге компанияны трансформациялау процесінде жұмыс істей отырып, біз түтінсіз болашақ тұжырымдамасын одан әрі жүзеге асыру үшін жағдай жасадық. Мен Андремен оның жаңа лауазымында және ФМИ командасымен бірге бизнес мүмкіндіктерді түтінсіз болашақтың, клиенттеріміздің, акционерлердің және жалпы қоғамның игілігіне пайдалану жолында жұмыс істеуді жалғастыруға ниеттімін».
Яцек Ольчак 55 жаста, Филип Моррис компаниясында үлкен еңбек тәжірибесіне ие. 1993 жылы компанияға келіп, ол бүкіл Еуропада дәйекті түрде қаржылық және басқарушылық лауазымдарды атқарды. Оның ішінде Польша мен Германиядағы ФМИ нарықтарының басқарушы директоры, сондай-ақ 2012 жылы ФМИ қаржы директоры лауазымына тағайындалғанға дейін Еуропа аймағының президенті қызметін атқарды. Яцек Ольчак Польшаның Лодзин университетінде экономика магистрі дәрежесін алған.
Директорлар кеңесі жаңа директор Мишель Комбсты да тағайындады, ол өз қызметіне кірісті.
Филип Моррис Интернешнл (ФМИ) — темекі түтінінсіз болашақты құру үшін өз бизнесін трансформациялаушы алғашқы темекі компаниясы. Оның мақсаты — темекі шегуді жалғастыратын ересек тұтынушылардың мүдделері үшін темекіні түтінсіз өнімдермен алмастыру.
Филип Моррис Интэрнэшнл АҚШ-тан тыс нарықтарда темекі және басқа да никотині бар өнімдерді өндірумен және сатумен айналысатын ірі халықаралық темекі компаниясы болып табылады.
ФМИ болашақты түтінсіз өнімдердің жаңа санатында құрады, олар мүлдем қауіпті болмаса да, дәстүрлі темекіге қарағанда әлдеқайда қауіпсіз. Оларды пайдалану темекі шегуді жалғастырудан гөрі үздік таңдау болып табылады. Өнімді әзірлеу саласындағы пәнаралық мүмкіндіктердің, инновациялық шешімдердің және ғылыми негіздеменің арқасында ФМИ компанияның түтінсіз өнімдерінің қатаң нормативтік талаптарға сай болуын қамтамасыз етуге тырысады.
2020 жылғы 30 қыркүйектегі деректерге сәйкес, ФМИ бағалауы бойынша, әлемде шамамен 11,7 миллион кәмелетке толған темекі шегушілер темекі тартудан бас тартып, IQOS брендімен 61 елдің нарығында сатылатын ФМИ электронды темекі қыздыру жүйесіне көшті. Толық ақпаратты компанияның ресми сайттарынан таба аласыз https://www.pmi.com/ және https://www.pmiscience.com/