FIFA Платини мен Блаттерден екі миллион долларды қайтаруды талап етті

0

Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) ұйымның бұрынғы президенті Йозеф Блаттер мен Еуропа футбол ассоциациясының бұрынғы басшысы (UEFA) Мишель Платиниді Швейцария сотына берді.

FIFA Блаттер осыдан сегіз жыл бұрын Платинидің шотына аударған екі миллион долларға жуық ақшаны даулап отыр. 2015 жылы осы ақша бұл екеуін қызметтен шеттетуге себеп болған. Сол кезде Блаттер FIFA президенттігінен кетуге мәжбүр болған еді.

Жемқорлық айыбы барлығы 14 адамға тағылған. Платини де, Блаттер де бірнеше мәрте тергеуде болған, бірақ ресми айып тағылан жоқ.

БАҚ-тың хабарлауынша, жемқорлық туралы істің Ресей мен Катарда әлем чемпионатын өткізуге қатысы бар.

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз