Ферроқорытпа зауытындағы апат: Күйіп қалған металлургтер ауруханаға «Газельмен» жеткізілді
Әлеуметтік желіде зауыттағы апат кезінде зардап шеккендердің видеосы пайда болды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Денесін күйік шалған металургтер ауруханаға жедел жәрдеммен емес, қарапайым “Газельмен” жеткізілді. Жеілде тараған бейнежазбадан ер адамдардың бірі шок жағдайда отырғанын, енді бірі жарақатын қатты ауырсынғаннан ыңырсып отырғанын байқауға болады.
Өнеркәсіптегі төтенше жағдайға қатысты қылмыстық кодекстің 156-бабы 2-бөлігіне (Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Еске салайық, 20 шілдеде Қарағанды ферроқорытпа зауытында төтенше жағдай болып, 8 жұмысшысы әртүрлі дәрежеде жарақат алғанын жазған едік. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, арнайы комиссия да құрылған.
Бұған дейін Қарағандыдағы компания зардап шеккендерге көмектесу үшін Ресей мен Түркиядан дәрігерлер алдыртқан еді.