Фейк емес: Алматының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты
Алматыда санитарлық-эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шараларды өткізу туралы жаңа қаулы шықты. Құжат Алматы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтында жарияланды.
Жарияланған қаулыда қазан айында КВИ жұқтыру жағдайы екі есеге 165-тен 360 –қа дейін өскені айтылған. Коронавирус инфекциясы жағдайларына эпидемиологиялық тексеру жүргізілді.
Нәтижесінде адамдар індетті ұжымда, қоғамдық орындарда, соның ішінде көпқабатты тұрғын үйлердің кіреберістерінде, қоғамдық көлікте жұқтырғаны және жасы 60 асқан адамдар жиі жұқтыратыны анықталды. Құжатқа сәйкес мынандай профилактикалық шараларды жүргізу қажет:
– аптасына 3 рет кіреберістерді, көпқабатты үйлердің баспалдақтарын, тұтқаларды, қабырғаларды, есік тұтқаларына дезинфекция жасау;
– балалар ойын алаңдарын және тұрғындардың демалатын орындарын (орындықтар) үйлердің айналасын күнделікті тазалаумен дезинфекциялау;
– қоғамдық көлік ішін соңғы аялдамада мінедетті түрде дезинфекциялап, жуу керек.