Фастфудтың тағы бір қаупі анықталды
Қысқа сілтеме алу
Зерттеуге жеті мың адам қатысты
НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым — Sputnik. Австралияның ұлттық университетінің ғалымдары фастфудтың тағы бір қаупін анықтады. Көпшілік сүйіп жейтін бургерлердің миға кері әсерін тигізетінін дәлелденді, деп хабарлайды MedicalXPress порталы.
Зерттеуге 7 мың адам қатысқан. Нәтижесінде қазіргі кезде адамдардың 1970 жылдарға қарағанда, тамақпен бірге әлдеқайда көп калория алатыны анықталды. Демек, ағзамыз көп мөлшердегі тамақты қажет етпейді.
Тағы оқыңыз: Денедегі артық май қайдан пайда болады?
Гамбургер, фри картобы мен газдалған сусынның жалпы калориялық құндылығы – 650 килокалория. Мамандар мұндай мөлшердегі калория осыдан жарты ғасыр бұрын бір күнге жеткенін айтады.
Ал калория мөлшері тым көп болса, артық салмақ қосумен қатар мидың жұмысы да бұзылады.
«Қазір адамдар мидың қызметін өздері нашарлатып жүр. Өйткені ағза үшін зиянды диеталарды ұстанады, сондай-ақ, спортқа айтарлықтай көңіл бөлмейді «, — деп алаңдаушылық білдірді жаңа зерттеу авторы Николас Шербуин.
Ұзақ уақыт бойы дұрыс тамақтанбай, спортпен шұғылданбаған адамның диабетінің II типіне шалдығу қаупі артады. Сондай-ақ ғалым мидың жұмысы нашарлап, деменция пайда болатынын айтады.
Зерттеу кезінде әлемдегі ересектердің 30%-інде артық салмақ бар екені анықталған. 2030 жылға дейін ересектердің 10 проценттен астамы диабеттің II түріне шалдығуы мүмкін.
«Өйткені диабеттің II типі мен ми жұмысының нашарлауы арасындағы байланыс дәлелденген», — деді қартаю проблемаларымен айналысатын профессор.
Дәрігерлер фастфудтан бас тартып, ерте жастан спортпен шұғылдануға кеңес берді.
sputniknews.kz