«Фамилиясы менікіндей емес»: Қыран Талапбек бірінші некедегі ұлының тегіне қатысты сұраққа жауап берді

0

Талантты мобилограф Қыран Талапбек Анар Батырхан жүргізетін Taboo жобасында қонақ болып, Айжұлдыз Адайбековамен ортақ ұлын қалай тәрбиелеп жатқанын айтты, деп жазады Kznews.kz.

Естеріңізде болса, Қыран Талапбек пен Айжұлдыз Адайбекова 2020 жылы шаңырақ көтеріп, арада көп уақыт өтпей ажырасып кеткен болатын. Қазір олардың ортақ ұлдары бар. «Баламды неше айында көргенім нақты есімде жоқ. Қынжыласың ғой, әрине. Менің қазіргі басты миссиям — баламды алғаш көруім емес, оның өмірде қалыптасуына септігімді тигізу. Ертең ол бала өседі, мектепке барады. Оның жағдайын жасау керек… Ұлымның фамилиясы менікіндей еместігін білемін. Бірақ фамилияны кез келген уақытта ауыстыруға болады. Ол менің балам, онда менің қаным ағып жатыр. Ол қазірден қырсық бала. Ұлыма көбірек уақыт бөлуге тырысамын», — деді Қыран.

Айта кетелік, бағдарлама барысында Қыран Талапбек өзінің басы бос еместігін де мәлімдеген болатын.