Фактчек | Nur Otan депутаттары мектепте смартфон қолдануға тыйым салу туралы
5 ақпанда Nur Otan партиясы фракциясының мүшелері (М.Айсина, З. Аманжолова, И.Аронова, М.Ерман) Асқар Маминге депутаттық сауал жолдады. Депутат мүшелері сауалдарында шетелдегі мектепте смартфон қолдануға тыйым салынған заңдар бар екенін айтты. Factcheck.kz депутаттардың мәлімдемелері қаншалықты шынайы екенін анықтады.
Францияда 2010 жылдан бері мектептегі сабақ кезінде ұялы
телефондарды пайдалануға тыйым салынған, ал өткен жылдың 1
қыркүйегінен бастап ел билігі бұл талапты қатаңдатып, бастауыш және орта мектеп оқушыларына интернетке қосылған кез келген гаджетті, оның ішінде ақылды сағаты бар планшеттерді оқу орнына әкелуге тыйым салды.Депутаттардың сауалынан
Үкім: Жартылай шындық
Расымен, 2009 жылдың тамыз айында смартфонды сабақ уақытында пайдаланбау туралы заң Франция ұлттық білім министрлігінің ресми сайтында жарияланды. Бірақ 2018 жылдың 3 тамызында заңда өзгерістер болды. Енді мектеп оқушылары мен колледж студенттері сабақта ғана емес, оқу орнының маңайында да телефон қолдануға тыйым салынды.
Заңның мына тұсын ескерген жөн. Депутаттар айтқандай мүлдем алып келуге тыйым салу емес, тек сабақ уақыты мен мектеп, колледж аумағында қолдануға тыйым салынған. Мектеп ұялы телефондарды сақтауға мүмкіндік беретін жерлермен қамтамасыз етуге міндетті (мысалы арнайы шкафтар). Кейбір мектептер өз талаптарына сай бұл заңды одан да қатал тұстарын қолдануы мүмкін.
Заңнан қысқаша үзінді:
Ұялы телефонды пайдалану сіздің сабақты мұқият тыңдауыңызға кері әсер етуі мүмкін. Ұялы телефон білім беру мекемелеріндегі тәртіпсіздіктердің ең басты себептерінің бірі.
Ұялы телефон оқушыларды қоғамдық өмірден алыстатып, жеке дамуларына кері әсерін тигізуі ықтимал. Себебі студенттің дамуы негізгі фактор болып есептеледі. Одан бөлек, ұялы телефонды кибер шабуыл үшін қолдануға да болады.
Осы себептерді негізге ала отырып, ұялы телефондар мен электронды байланыс құралдарын мектеп пен колледжде қолдануға тыйым салынады.
Заң жобасы балаларды мобильді құрылғылар мен интернетке бағынышты болуға қорғау мақсатында жасалды. Заң барлық электронды құрылғылар үшін қатысты.
Басқа елдерде ше?
Қазіргі кезде Әзербайжанда, Грекияда, Тәжікстанда мектептерде
гаджеттерді пайдалануға тыйым салынған.Депутаттардың сауалынан
Үкім: Жартылай шындық
Бұл жолы депутаттар Әзірбайжанның дерегі бойынша қателесті. Әзірбайжан Білім министрлігінің ресми сайтында оқушыларға смартфон қолдануға ресми тыйым салынғанын көрсететін дерек жоқ.
2013 жылдың 4 шілдесінде қабылданған Тәжікстан Республикасының білім туралы Заңына сәйкес телефондарды ресми пайдалануға тыйым салынды:
Жалпы, бастауыш кәсіптік және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарында оқушылар мен студенттерге ұялы телефон пайдалануға тыйым салынады. Жоғары оқу орнынан кейінгі жоғары кәсіптік білім беру және кәсіптік білім беру ұйымдарында: студенттерге, аспиранттарға, докторанттарға, оқытушыларға және басқа қызметкерлерге оқу процесінде ұялы телефон қолдануға тыйым салынады.
Тәжікстан Заңынан үзінде