Facebook-тағы құпия деректер сатылуда

0

Әлеуметтік желінің әлемдік дағдарысы кезінде Facebook желісіндегі 1,5 миллиард тұтынушының құпия дерегі «қара базарда» саудаға түсті. Жаһандық ІТ-мамандары Марк Цукербергтің үлкен шығынға батқанын мәлімдеуде, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Бұл Facebook тарихындағы ең үлкен ақпараттық ұрлық, деп жазды ғаламдық желі мәселесін зерттейтін Privasy Affairs интернет-басылымы.

Қыркүйек айының соңында ғана Аргентина мемлекетінің түрлі әскери қызмет мамандарына қатысты миллионнан аса мәлімет әлеуметтік желіге тарап кеткен. Бүгінгі интернет-дағдарыста қандай құпия дерек жария болатыны әзірге белгісіз,дейді басылым маманы.

Ал әлемдегі барлық дәулетті адамдардың қаржылық ахуалын әр минут сайын қадағалап отыратын Forbes басылымы әлемдік желі дағдарысынан Марк Цукерберг 6,6 миллиард доллар жоғалтқанын мәлімдеді.

Facebook, Instagram және WhatsApp жүйелерінің істен шығуы — Цукербергті шығынға батырумен қатар, әлемдегі «Ең бай адамдар» тізімінде 6-шы орынға түсіп қалуына ықпал еткен.

Сондай-ақ ІТ-мамандар аталған әлеуметтік желі қызметтерінің істен шығуына хакерлердің кибер-шабуылы әсер етуі мүмкін деген болжамды жоққа шығаруда.

Facebook, Instagram және WhatsApp жүйелерінен кейін, араға 5 сағат салып Twitter желісі де істен шықты.