Facebook RT жобасының парақшасын жойып жіберді

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Жоба редакторы әлеуметтік желі алдымен жазбаны жарияламай қойғанын айтады. Ал себебін анықтауға тырысқан кезде парақша мүлдем жойылып кетіпті

НҰР-СҰЛТАН, 18 қазан — Sputnik. Facebook Russia Beyond-тың тағам рецепті жарияланатын парақшасын өшіріп тастады. Бұл туралы жоба редакторы Всеволод Пуля хабарлады.

«Facebook біздің Russian Kitchen атты парақшамызды жойып жіберді. Қырық мың оқырманымыз болатын», — деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Оның айтуынша, парақша әкімшілерінің бәріне «сторис» көрсету шектелгені туралы хабарлама келген. Алайда бұл парақшада «сторис» мүлдем жасалмаған.

Тағы оқыңыз: Дженнифер Энистонның «Достарымен» түскен селфиі Instagram-ды істен шығарды

Бір-екі күннен кейін парақшада әкімшілерінің тұратын елі көрсетілетіні хабарланыпты. Тағы бір күннен соң, жарияланым өшірілген. Кейін парақша мүлдем жойылып кетті.



sputniknews.kz