Facebook қосымшаларының жұмысы қалпына келді

Бұған дейін бірқатар елдерде Facebook Messenger қосымшасы жұмыс істемей қалғаны хабарланған болатын.
Facebook әлеуметтік желісі өз қосымшаларының жұмысы толығымен қалпына келтірілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.
«Қазіргі кезде проблема шешілді — біз барша үшін 100% оралдық — қолайсыздықтар үшін ғафу өтінеміз», — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін бірқатар елдерде Facebook Messenger қосымшасы жұмыс істемей қалғаны хабарланған болатын.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!