EXPO маңына жиналған жұртшылық Тәжікстанның ұйымдастырған көрмесін тас-талқан етті
EXPO маңына жиналған жұртшылық Тәжікстанның ұйымдастырған ауыл шаруашылығы көрмесінің тас-талқанын шығарды, деп хабарлайды Kznews.kz Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.
Тәжікстан тарапы ұйымдастырған жәрмеңкені түске дейін қос мемлекеттің басшылары тамашалаған еді. Алайда, түс ауа осы маңға жиналған көпшілік жәрмеңкедегі жеміс-жидектен жасалған өрнектердің үстінен басып-жаншып, талан-таражға салған.
Оқырмандардың пікірі сан алуан. Бірі «ұят-ай», «халық рухани аш», «дым көрмеген» деп жазса, өзгесі «халық мәдениетті алып жатыр», «түймедейді түйедей етуді қойыңдаршы», «халық үшін жасалған нәрсе» деп, көпшіліктің бұл әрекетін жақтаған.
фото: azattyq-ruhy.kz