EXPO, LRT, жаңа мешіт үшін рахмет! – Скриптонит

0
174

Қазақстандық танымал рэпер, Әділ Жәлелов (Скриптонит) Екібастұз қаласындағы жағдайды сынға алды.

27 қарашада Екібастұз халқы қақаған суықта жылусыз қалған болатын.

– Сол жағалау үшін, EXPO, LRT, Түркістан, жаңа мешіт үшін рахмет! Билікке сенуді жалғастыра беріңіздер, – деп жазба қалдырды Скриптонит Екібастұздағы жылусыз қалған үйлердің бейнежазбасын жариялап.