«EXPO-2025» көрмесі Жапонияның Осака қаласында өтеді

0
24 Қараша 2018, 13:46 259 0

Фото: 24kz

Астана, BAQ.KZ. Жапонияның Осака қаласы ЭКСПО-2025 дүниежүзілік көрмесін өткізу құқығына ие болды. Бұл туралы 24kz сайты хабарлайды.

Ол дауыс берудің екінші турында Екатеринбург қаласын артта қалдырды. Парижде дауыс беруді өткізген бұл ұйымның твиттерінде Осака қаласының екінші турда 92 дауыс жинағаны (Екатеринбург – 61), сондай-ақ жеңіс үшін дауысты көбірек жинау жеткілікті екендігі атап өтілген.

Ал бірінші турдың қорытындысы бойынша үшінші үміткер – Баку бәсекеден тыс қалды. ЭКСПО-2025 Осакада 2025 жылдың 3 мамыры мен 3 қарашасы аралығында өтетін болды.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:


Дереккөз: BAQ.KZ