«Евроның» әкесі қайтыс болды

0

Канадалық экономист және 1999 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты Роберт Манделл 4 сәуірде 88 жасында қайтыс болды, деп хабарлады Bloomberg. Оның өлімін Нью-Йорктегі Колумбия университетінің экономикалық зерттеулер бағдарламасы директорының көмекшісі растады, Манделл осы ЖОО-ның профессор болып жұмыс істеді.

Bloomberg  канадалық экономистті еуроның «әкесі» деп атайды. Атап айтқанда, 1960-ші жылдары Манделл жалпы еуропалық экономикалық-валюталық одақ идеяларын және еуроны енгізудің теориялық негіздерін жасады.

Ол экономист Маркус Флемингпен бірге жұмыс істеді және неолиберализм теориясының экономикалық моделін ойлап табуға өз үлесін қосты. Оның академиялық мансабы – Манделл  Британ Колумбия университетінде, Стэнфорд университетінде, Чикаго университетінде және Женева халықаралық зерттеулер институтында жұмыс жасады.

1974 жылы Колумбия университетіне жұмысқа кіреді. Манделл Біріккен Ұлттар Ұйымына, Халықаралық валюта қорына және Дүниежүзілік банкке кеңес берді, сонымен қатар АҚШ, Канада, Латын Америкасы мемлекеттерінің және Қытай үкіметтерінің кеңесшісі болды.

1999 жылы ол икемді нарықтар, жұмыс күші мен капиталдың еркін қозғалысы бірыңғай валюта аймағының табысы үшін өте маңызды теориясы ойлап табу үшін Нобель сыйлығын алды. Оның зерттеулері бірыңғай еуропалық валютаны енгізуге негізін жасауға көмектесті. Ғалым соңғы жылдары өмір сүрген Италияда қайтыс болды.

Керімсал Жұбатқанов, Қазақ — Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты