Евгений Пригожин бүлік аяқталғаннан кейін алғаш рет үндеу жасады

0

Евгений Пригожин бүлік аяқталғаннан кейін алғаш рет үндеу жасады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Біз елдегі билікті құлату үшін емес, өз наразылығымызды көрсету үшін бардық», — деді «Вагнер» әскери компаниясының негізін қалаушы Евгений Пригожин.

Кәсіпкердің айтуынша, наразылықтың себебі — «Вагнер» әскери компаниясының позицияларына жасалған «зымыран соққысы». Бұл соққы 30-ға жуық жауынгердің өліміне себеп болған.

Пригожин Мәскеуге жорық кезінде бірде-бір сарбаздың өлмегенін, бірақ оларға ұшақтар мен тікұшақтардан оқ атуға тура келгенін айтады.

Пригожиннің айтуы бойынша, Мәскеуге 200 шақырым жер қалған кезде,»көп қан төгілетіні белгілі болды». Сондықтан Мәскеуге бару туралы шешім өзгертілген.

Осы кезде Беларусь президенті Александр Лукашенко Пригожинге «көмек қолын» созған. Евгений Пригожин қазір Беларусьте болуы мүмкін.