Еуропарламент басшысының орынбасары әлем чемпиотындағы жемқорлыққа қатысы бар деп айыпталды

0

Еуропарламент басшысының орынбасары 2022 жылғы әлем чемпионатының айналасындағы сыбайлас жемқорлық ісі бойынша ұсталды.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері Брюссельде Еуропалық парламент төрағасының орынбасары, грек саясаткері Ева Кайлиді ұстады. Оның үйінде тінту жүргізіліп, серіктесі де сол жерде ұсталды. Екеуіне де сыбайлас жемқорлық ісі бойынша тергеу жүргізілуде.

Тергеу 2022 жылдың шілдесінде басталды. Тергеушілер Парсы шығанағы елі Еуропарламенттің экономикалық және саяси шешімдеріне әсер ету үшін үшінші тарапқа сыйлықтар берді деп күдіктенуде.

Айыптаушы тарап Катар туралы ештеңе айтпайды. Бірақ бірнеше ақпарат көздері бұл әлем чемпионатын өткізетін мемлекет екенін хабарлайды.

http://t.me/orda_kz
Фото: Aikyn.kz