Еуропалық саясаткер «Алпамыс батыр» жырынан үзінді оқыды (видео) — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

«Алпамыс батыр» жырынан үзінді оқу бойынша эстафета ел аумағына ғана емес, шетелге де тарады. Желіде аталған флешмобты Еуропарламент депутатының қолдағаны туралы видео тарады, деп хабарлайды Stan.kz.

Андрей Мамыкин

Instagram желісіндегі QAZAQ EPOS парақшасында жарияланған видеода Еуропарламенттің латвиялық депутаты Андрей Мамыкиннің «Алпамыс батыр» жырынан үзінді оқиды.

Латвиялық саясаткер жырдан үзінді оқығаннан кейін кезекті РҚ СІМ басшысының орынбасары Роман Василенкоға берді. 

 


Айта кетсек, «Алпамыс батыр» жырынан үзінді оқу бойынша челленджге Қазақстанның танымал тұлғалары қатысуда.

Бұған дейін ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл «Алпамыс батыр» жырын жатқа оқыған еді.



stan.kz