Еуропалық компаниялар Қазақстанда майлы дақылдар өндіруші-серіктестерді іздеуде

0
22 Қараша 2018, 09:07 151 0

Фото: ашық дереккөзден

Астана. BAQ.KZ. Бұл туралы «KazOil 2018» халықаралық май-тоңмай конференциясының ұйымдастырушылары хабарлады.

Еуропалық компаниялар белгілі бір ауыл шаруашылығы майлы дақылдарын өсіру және өңдеу бойынша қазақстандық аграрийлермен әріптестікке мүдделі. Атап айтқанда, Casus Bio Oil Trading UG, Leipzig/Germany германия компаниясы «Қазақстанда арышты ауыл шаруашылығындағы әртараптандырылған өнім ретінде өсіру және қайта өңдеу» жобасы аясында біздің ірі және орта ауыл шаруашылығы өндірушілерімізбен және инвесторлармен ынтымақтастыққа дайын.

Дәл осындай нақты мақсатпен неміс компаниясының өкілдері Астанада өтетін Қазақстанның «KazOil 2018» халықаралық май-тоңмай конференциясына қатысуға ниетті.

Германдық мамандардың айтуынша, нарықтық қатынастар жағдайында өзіндік құны төмен және тиімді бағамен гектардан жоғары қайтарым беретін ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру өте маңызды. Бұл ретте олар жоғары рентабельділікті қамтамасыз етуі тиіс, ал экономикалық дағдарыс жағдайында – әлемдік нарықта неғұрлым жоғары баға бойынша экспорттық өнім ретінде сұранысқа ие болуы тиіс. Германиялық кәсіпкерлердің пікірі бойынша мұндай дақылға арыш жатады. Шикізат ретінде шет елдерде арыш майына сұраныс зор.

«Қазақстандық серіктестер тарапынан қызығушылық танытқан жағдайда біз май мен шроттың 100% — ын өткізуге кепілдік береміз», — дейді Casus Bio Oil Trading UG, Leipzig (Германия) компаниясының өкілдері .

Арыш – қоршаған ортаның факторларына бейімделген өнімділігі мен майлылығы жоғары (42% — ға дейін) перспективалы майлы дақыл. Арыш майы тағамдық мақсаттарға адам рационына бағалы биологиялық қоспа ретінде, сондай-ақ техникалық мақсаттарға пайдаланылуы мүмкін.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстандағы майлы дақылдар нарығының жағдайы, сондай-ақ оның дамуының негізгі тежеуші факторлары Қазақстанның «KazOil 2018» екінші халықаралық май-тоңмай конференциясы барысында жетекші қазақстандық және әлемдік сарапшылар мен талдаушылардың талқылауына айналады.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ