Еуропаға саяхат 2019: туристерге ең қызықты он қала

0

Саяхат қызықты, көңілді әрі танымды өтуі үшін Кәрі Құрлықтың қай қаласына жол тартқаныңыз абзал? Sputnik Қазақстан ұсынған суреттер топтамасын көрген соң, таңдау жасау қиын болмайды

The Independent басылымы 2019 жылы туристер арасында танымал болатын қалалар тізімін жариялады.

Бұл рейтингте бірінші орынды Минск қаласы иеленді. Биыл Беларусь астанасында 21 және 30 маусым аралығында Еуропа ойындары өтеді. Саяхатшыларға міндетті түрде қаланың ескі орталығын аралауға кеңес берілді: онда көптеген дәмхана, барлар мен шағын мейрамханалар орналасқан.

Екінші кезекте – Нидерланды еліндегі Роттердам қаласы. Пит Бломның қайталанбас «текше үйлерін» көрген де арманда, көрмеген де арманда. Ал ғимараттарға салынған алуан түрлі суреттерден көз ала алмайсың.                                                                                                                               

Үшінші орында – Ситжес испан қаласы: табиғаты сұлу жағажайы бар, көрікті жерлерге бай. Төртінші орында – Францияның Арль қаласы. Бұл қалада данышпан суретші Винсент Ван Гог тұрған.

Бесінші орында – Босния және Герцеговинадағы Сараево қаласы, ұлттық тағамдары мен айрықша мәдениеті туристерді еріксіз баурап алады.

Еуропалық қалалардың үздік ондығына Рим (Италия), Париж, Белград (Сербия), Венеция (Италия) және британдық Бристоль енді.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/