Еуропада короновирустан болған алғашқы өлім тіркелді — Қазақстан жаңалықтары

0

Францияда 80 жастағы қытайлық турист коронавирустан қайтыс болды, бұл Еуропадағы аурудан қайтыс болған алғашқы жағдай, деп хабарлайды Stan.kz.

Анам төсек тартты, өзім үш рет ауруханаға жаттым: Ақтөбе тұрғыны өзін педофил деп айыптаған соң қанда күйге түскенін айтты

«Бұл Хубэйден келген қытайлық турист. Ол Францияға 16 қаңтарда келген. Оны Бичат ауруханасына жатқызды. 25 қаңтарда оны оқшаулау үшін қатаң шаралар қолданылды. Оның жағдайы тез нашарлап, бірнеше күн жансақтау бөлімінде болды», — деді Францияның денсаулық сақтау министрі Аньес Бузен.

2019 жылғы 31 желтоқсанда Қытай билігі дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына (ДДСҰ) елдің орталық бөлігіндегі Ухань қаласында (Хубэй провинциясы) белгісіз пневмонияның өршуі туралы хабарлады. Сарапшылар аурудың қоздырғышын анықтады — бұл 2019-nCoV коронавирус.

ДДҰ індетті халықаралық маңызы бар төтенше жағдай деп таныды және ауруға ресми атау берді — COVID-2019. Қытайда жұқтырғандардың саны қазірдің өзінде 66,4 мыңнан асты, 1523 қайтыс болды, Қытайдан тыс жерде 500-ден астам адам жұқтырды.

stan.kz