Еуропада коронавирустан өлу көрсеткіші қазан мен қараша айында өседі — ДДСҰ

0

ДДСҰ Еуропалық бюросының басшысы Ханс Клюге континенттегі коронавирус инфекцияның жаңа жағдайлары санының артуы сөзсіз өлім-жітімнің артуына әкелетіндігін айтты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропада қазан мен қараша айларында COVID-19-дан болатын өлім-жітімнің артуы күтілуде, деп мәлімдеді ұйымның Еуропадағы аймақтық бюросының басшысы Ханс Клюге 14 қыркүйекте AFP агенттігіне берген сұхбатында.

Тек бір күнде, 11 қыркүйекте құрлықтың 55 елінде 51000-нан астам жаңа ауру тіркелді, бұл сәуір айынан бергі ең биік шың. Клюгенің айтуынша, уақыт өте келе аурушаңдықтың көбеюі өлім санының көбеюіне алып келеді.

Еуропадағы аймақтық бюросының басшысы қазір Еуропа елдері ДДСҰ-дан жағымсыз жаңалықтар естігілері келмейтінін және пандемияның жақын арада жойылатыны туралы жағымды сигнал жіберуге қуанышты болатынын айтты. Клюге пікірінше, коронавирусқа қарсы шаралар негізінен жергілікті деңгейге ауыстырылады.

AFP бағалауы бойынша ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросы елдерінде тәуліктік өлім-жітім маусым айының басынан бастап шамамен бірдей деңгейде қалып отыр, COVID-19-мен байланысты тәулігіне 400-500 өлім.

COVID-19 коронавирустық инфекциясы 2019 жылдың соңында Қытайда басталды. 2020 жылы 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың таралуын пандемия деп жариялады.

Тамыздың аяғынан бастап COVID-19 ауруының айтарлықтай өсуі бірқатар еуропалық елдерде, атап айтқанда Испания мен Францияда байқалды. Чехия мен Австрия коронавирустың екінші толқыны болып жатқанын туралы жариялады.

Керімсал Жұбатқанов, Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты