«Еуропада басқа диагноз айтты»: Продюсер Баян Алагөзова қазақстандық дәрігерлердің қателігінен дұрыс ем қабылдамағанын айтты

0

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы Қазақстанда қате диагнозбен емделгенін айтып, қыста не себепті жылы жаққа қоныс аударатынын түсіндірді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі денсаулығына байланысты қыс мезгілі жақпайтынын растады.

“25 жылдан бері қыс мезгілінде ауруханаға жатамын. Бұл сұмдық емес пе?! Отандық дәрігерлер созылмалы бронхит деген диагноз қойған. 25 жылдан бері күресіп келемін. Ал пневмония болып аурғаннан кейін екі жыл денсаулығым қалыпқа келмеді. Сондықтан қыс келгенде қатты қорқамын”, – деді продюсер.

Одан кейін продюсердің күйеуі, кәсіпкер Тұрсен Алагөзовтің кеңесімен Еуропада емделген. Мадрид клиникасындағы дәрігерлер басқа диагноз айтқан.

«Еуропалық дәрігерлердің нәтижесі мені таңғалдырды. Олар менің диагнозым “созылмалы бронхит емес” деді. Ал мен жыл бойы сол диагнозға тағайындалған дәрілермен емделдім. Менің диагнозым – аллергия екен. Маған салқын ауа жақпайды. Сол үшін мен қыста жылы жақтарға кетемін. Шетелдік дәрігерлер де мұхит пен теңізі бар елдерге баруға кеңес берді”, – деді Баян Мақсатқызы.

Еске салайық, «Қолы бос әйел болғым келмейді» деген Баян Алагөзова жас аналарға кеңес берген еді.