Еуроодақ Ресей тарататын жалған ақпараттармен күреспек

0

Еуропалық комиссия Ресей тарапынан келетін жалған ақпаратпен күресудің жоспарын әзірледі. Оның басты мақсаты – 2019 жылдың мамыр айында Еуропа парламентіне және 2020 жылы Еуропа елдерінде өтетін сайлауға Кремль тарапынан кедергі келтіруге жол бермеу.

Еуроодақ жалған ақпарат таратуда Ресей басты қауіп деп біледі. «Сүриядағы соғыс, Украинадағы MH17 ұшағының апатқа ұшырауы және Солсберидегі химиялық шабуыл кезінде ресейлік жалған мәлімет тарату кампаниясы күшті жұмыс істеді. Мұны дәлелдейтін құжаттар да бар. Енді басқа елдер де Ресейдің тәсілін үйреніп, жалған ақпарат тарату стратегиясын енгізуі мүмкін», – делінген Еуропалық комиссия ұсынған жоспарда.

Құжатта жалған ақпаратпен күресу үшін, арнайы институттар жұмысын күшейту ұсынылған. Сонымен бірге сыртқы саясат мекемесінің стратегиялық коммуникация жұмысының бюджетін екі миллион еуродан бес миллион еуроға дейін ұлғайту қарастырылған.

«The Qazaq Times»