Еуроодақ қамаудағы Қырым татар белсенділерін босатуды талап етті

0
101

Еуроодақ Ресей аннексиялап алған Қырымда 23 Қырым татар белсендісінің ұсталуын қатаң айыптады.

«Еуропа одағы Қырым мен Севастопольде ресейлік заңнаманың үстемдік етуін мойындамайды және барлық заңсыз ұсталған украиндықтардың тез босатылуын күтеді» делінген ЕО сыртқы саясат қызметі ресми өкілінің 30 наурыз күні таратқан мәлімдемесінде.

Еуроодақ «ұсталған азаматтар қатысы бар» деп отырған «Хизб ут-Тахрир» ұйымына Ресейде тыйым салынғанымен Украинада жұмыс істеуге рұқсат етілгенін жазған.

27 наурызда Қырым татар меджлисінің басшысы, жоғары рада депутаты Рефат Чубаров Қырым татар белсенділерінің үйін күштік құрылым өкілдері жаппай тінтіп жатқанын хабарлады.

Қырымда ішкі істер министрлігі мен Росгвардия жасағаның көмегімен операция жүргізген Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) ұсталған азаматтардың «Хизб ут-Тахрир» ұйымына мүше екенін хабарлаған. 29 наурызда ұсталған барлық Қырым татарларының Дондағы Ростов қаласына жеткізілгені белгілі болды.

Azattyq