«Еуразия аруы» 13 жылға бас бостандығынан айырылды
Түркияда 2016 жылы «Еуразия аруы» атанған алғашқы түрік қызы 25 жастағы Сибел Демиралп 13 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Туыстары оны қайырымды, ибалы қыз деп жүрген, алайда ару қыздың бандамен байланысы бар болып шықты. Сибел Интернетте дәулетті зергермен танысады. Ғашық болған ер адам қызбен оңашада кездесуды ұсынады. Бойжеткеннің үйіне қонаққа келген кезде зергерді бір топ бандиттер күтіп отырған. Қарақшылар зергерді ұрып-соғып, шешіндіріп, абыройын төгетіндей суретке түсіріп, ол үшін 240 мың лира (шамамен 45 мың доллар) талап еткен. Қаскөйлер зергердің ақшасын алған.
Бұл іске кейін полиция араласты. Көп ұзамай банда қолға түсіп, Сибелмен қоса соттың шешімімен ұзақ мерзімге бас бостандықтарынан айырылды.
Дереккөз: inform.kz