Ет жемейтін қазақ министрі туралы не білеміз?

0

Зульфия Сүлейменова 1990 жылы 25 ақпанда Ақтөбеде дүниеге келген. Гумилев атындағы Еурази ұлттық университетінде халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бакалавр және магистр деңгейін тәмамдаған.

Жапонияның Ұлттық саяси  зерттеулер институтында «Қауіпсіздік және халықаралық зерттеулер» бағдарламасы бойынша PHD атағын алған. 2019 жылы президенттік жастар құрамының кадр резервіне кірді. Геология табиғи ресурс және экология министрлігінің климаттық саясат және жасыл технологиялар департамент директорының орынбасары, Қоршаған орта және даму, энергетика, сондай-ақ Азия мен Тынық мұхиты үшін БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (Бангкок, Таиланд) макроэкономикалық саясат және дамуды қаржыландыру жөніндегі дивизион кеңесшісі, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері болған.

2023 жылғы 4 қаңтарда Қазақстанның экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды.

«Хабар 24» телеарнасының бағдарламалырының бірінде министр ет жемейтінін, аң терісінен киімдер кимейтінін, дельфинария мен хайунаттар бағына бармайтынын айтқан еді.

Фото: tengrinews.kz