«Естіп, төбе шашым тік тұрды»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрі өткір сынға ілікті

0

Аятжан Ахметжан Оқу-ағарту министрлігі «медаль жасайтын цех пен Алғыс хат басатын полиграфия ашып алған ба?» деп қынжылады, деп хабарлайды Kznews.kz KYN.KZ сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрінің жиындардың бірінде сөйлеген сөзін білім саласының сарапшысы Аятжан Ахметжан қатаң сынға алып, Ғани Бейсембаевты «марапат пен аттестацияның екі бөлек нәрсе екенін ажырата алмайтын министр» деп атады

«Автоматты түрде наградаларды беріп отыратын боламыз. Мысалы, мектептерде былай шешілді – ол колледждерде де солай болады: модератор алған адам бірден министрдің Алғыс хатын алуы керек. Сарапшы болсаң, Құрмет грамотасы бар. Еңбек қой енді ол. Еңбектерімен жетіп отыр ғой. Ары қарай егер зерттеуші болса, Білім жүйесінің құрметті қызметкері атағын алуы тиіс. Мастерге жеткен адамға автоматты түрде Алтынсарин медалі табысталуы керек», – дейді жиындардың бірінде министр.

фото: kyn.kz