Есмағамбетова: Қазақстандағы коронавирус ахуалы тұрақтанды, қалыпты өмірге оралуымыз керек — Қазақстан жаңалықтары
Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова елімізде коронавирус ахуалы тұрақтанғанын мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Біз елімізде коронавирустан емделгендердің саны 1000-нан асқанын мақтанып айтамыз. Соңғы аптада аурудың таралу деңгейі төмендеді, қазір індетті жұқтыру көрсеткіші шамамен 7%-ды құрайды», — дейді Есмағамбетова.
Сондай-ақ ол қазақстандықтарға карантин шараларын ұстанғаны үшін алғысын білдірді. Бас санитар дәрігердің сөзіне сүйенсек, еліміздегі жағдай бірте-бірте қайта қалпына келеді.
«Мемлекеттегі эпидемиологиялық жағдайға сәйкес, карантин шараларын біртіндеп жеңілдетеді. Біз қалыпты өмірге бірте-бірте оралуымыз қажет. Әрине, карантиннің жеңілдеуі елдегі жағдайға байланысты болады. Осының арқасында біз Қазақстандағы аурудың өрши түсуі мен медициналық жүйеге түсетін ауыртпашылықтың алдын алдық», — дейді ол.
Соңғы ақпаратқа сәйкес Қазақстанда 3988 адам коронавирус жұқтырған.
stan.kz