Есмағамбетова науқаспен байланыста болғандарға қатысты өзгерісті атады

0
1
Advertisement

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Бұған дейін жақын байланыста болғандар міндетті түрде тест тапсырып, карантиндік стационарға жатқызылды. Енді бұл тәсіл өзгерді

АЛМАТЫ, 26 мамыр – Sputnik. Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова 22 мамырда күшіне енген №37 қаулысындағы өзгерістеді түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жаңа қаулыға сәйкес, шетелден әуе рейсімен келген азаматтардың ПТР нәтижесі теріс болса, олар 14 күндік үй карантиніне алынады. Демек, шетелден келген азаматтар екі күн карантиндік стационарға жатқызылмайды.

«Оларды жақын байланыста болған және байланыста болуы мүмкін деген екі топқа бөліп қараймыз. Жақын байланыста болғандар деп науқаспен бір жарым метрден аз арақашықтықта 15 минутқа дейін байланыста болған адамдарды атаймыз, байланыста болуы мүмкін адамдар – науқаспен жарым метрден көп арақашықтықта 15 минуттан артық бір жабық ғимарат ішінде болған адамдар», – деп түсіндірді бас санитар дәрігер. 

Бұған дейін жақын байланыста болғандар міндетті түрде ПТР тест алынып, карантиндік стационарға жатқызылды. Айтуынша, қазір бұл тәсіл өзгерді.

«Қазір жақын байланыста болғандарды анықтаған кезде және карантиндік стационардан шығар алдында коронавирусқа тексереміз, енді жақын байланыста болғандар тиісті жағдай жасалған болса, 14 күн үй карантиніне шыға алады», – деді ол.

Мұндай жағдайда байланыста болған адамнан карантин режимін сақтау туралы қолхат алынады.

«Ал байланыста болуы мүмкін адамдарға келер болсақ, олардан коронавирусқа тест алынады. Бұған дейін оларға 14 күн үй карантинінде болу міндеттелсе, қазір ондай шарт қоймаймыз. Тек ауру белгілері байқалған кезде хабар беру туралы қолхат аламыз. Олар үй карантиніне алынбайды, еркін жүріп-тұра алады», – деді Есмағамбетова.

Айтуынша, еліміздегі науқастардың 70%-і ауру симптомы жоқ науқастар. Бұған дейін симптомы жоқ науқастар бірден инфекциялық ауруханаға жіберілген. Ал жаңа қаулыға сәйкес, ауру симптомдары жоқ науқастар инфекциялық ауруханаға 3 күнге жіберіледі.

«Үш күнде олар клиникалық диагностикалық тексеруден өтеді. Егер жағдайы қалыпты болып, ауру симптомсыз өтетін болса, олар үй карантиніне жіберіледі», – деді бас санитар дәрігер.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 8 969 науқас тіркелді, оны ішінде 4 515 адам жазылып шықты, 35 адам қайтыс болды.



sputniknews.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз