Есмағамбетова еліміздегі коронавирус жұқтырғандардың саны көбейіп жатса да карантин шараларының бәсеңдеуін түсіндірді — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова коронавирус жұқтырғандардың саны көп болса да елдегі ТЖ режимін алып тастау себебін тсүіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

карантин

Бас санитар дәрігерге Қазақстанда неліктен сырттан келгендер коронавирусқа шалдығып жатқан кезде қатаң сақтық шаралары енгізіліп, төтенше жағдай жарияланды, ал керісінше, мемлекетте жергілікті тұрғындар індетті жұқтыра бастаған уақытта карантин шаралары бәсеңдеді деген сұрақ қойылыпты. 

Есмағамбетова бұл жағдайдың бірнеше себебін атап өтті. Сөзінше, карантиннің арқасында науқастардың санының күрт өсуін алдын алуға мүмкін болыпты. 

«Басқа елдердегі қаңтар-ақпан айларында эпидемиялогиялық ахуал өршіп тұрғанын аңғарған едік. Бұл мемлекеттерде науқастардың да, індеттен көз жұмғандар мен халі нашар азаматтардың саны күрт жоғары болатын. Денсаулық сақтау жүйесіне аурытпашылық түсті. Біз елдегі карантин мен төтенше жағдайдың арқасында осыған ұқсас жайтты болдыртпадық. Алғашында бір адамның басқа адамға вирусты жұқтыруы 3-ке тең болса, кейіннен бұл көрсеткіш 2-ге, содан соң, 0,9өға дейін түсті», — дейді Есмағамбетова. 

Бұған қоса ол осы уақыт аралғында зертханалардың ауру жұқтырғандарды анықтау қуаттылығын арттырғанын алға тартты. Алғашында бір күнде тек мың ғана адам тесттен өтсе, қазіргі кезде 20 мың адамды тексеруден өткізу мүмкін болып отыр екен. 

«Жаппай тестілеудің арқасында еліміздегі КВИ-дің таралуы деңгейін анықтадық. Науқастардың саны өскенімен, көз жұмғандар мен жағдайы ауыр азаматтардың саны аз. Бұл жағдайдың бақылауда екенін көрсетеді. Еліміздің денсаулық сақтау жүйесі дер кезінде шаралар қолданып, өлім-жітім көрсеткішін азайту үшін барынша тырысуда», — деп қосты ол. 

Десек те мұның өзінде сақтық шараларын ұмытпауымыз шарт деп ескертті Есмағамбетова. 

Бұған дейін бас санитар дәрігер Қазақстандық коронавирусқа жасалған тесттер шетелде жарамайтынын айтып кеткен еді. 

stan.kz