Ескі Қазақстанның қара таңбасы
Осыдан 18 жыл бұрын дәл осы күні мемлекет және қоғам қайраткері, журналист, дипломат, саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы екі көмекшісімен бірге жоғалып, 13-і күні Алматы іргесіндегі тау бөктерінен денесі табылған болатын.
Оппозиция жетекшісі Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның екі көмекшісі Василий Журавлев пен Бауыржан Байбосынды 2006 жылы ақпанның 11-і күні ұрлап әкеткен. Оққа ұшқан үшеуінің мәйіті екі күннен кейін, яғни ақпанның 13-і күні Алматы іргесіндегі тау бөктерінен табылған болатын.
Бұл туралы ресми басылымдарда «Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы тобы офицерлерінің қатысуымен жасалған қастандықтың нәтижесінде қаза болды» деп жазылды.
Ал, отбасы мен қызметтестері бұл өлімді саяси тұрғыдан өлтірілген өлім деп атады және бұл өлімге жауапты жоғарғы билік деп айтты.
Халықаралық резонанс тудырған қылмысқа қатысты жүргізілген тергеу амалдары мен сот процесінде қастандықты «кек алу мақсатымен» ұйымдастырушы деп танылып, сотталған сенат аппаратының бұрынғы басшысы Ержан Өтембаев пен ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) бұрынғы офицерлерінің кейбірі жазасын өтеп, еркіндікке шықты. Бірақ қоғамның, әсіресе Алтынбек Сәрсенбайұлы жақтастарының көкейіндегі «нағыз қылмыскерлер сотталды ма?» деген күдік әлі күнге дейін сейілмей келеді.