«Ескі әдеттерін қоя алмаған «жаңа адамдар» — Respublica партиясының басшысы мен әйелі сынға қалды
«Выход к правде»телеграм арнасы таяуда қызық ақпарат жариялады. Онда Respublica партиясының басшысы мен оның әйелінің іс-әрекеттерін сынға алған.
«Айнұр Сергазиеваның Инстаграм парақшасындағы белсенділігі төмендеген бойда, бұл позицияны дереу Индира Ходжанова ұстаныпты.
Сіз оның кім екенін білмесеңіз де, оның жұбайы Respublica партиясының басшысы Айдар Ходжаназаровты білетін боларсыз.
Ол әр сұхбатында өзін «колхоз адамына» теңейді. Не үшін? Әрине, халыққа қалай да жақындай түсу керек қой.
Бірақ оның жары бұл позицияны ұстанбайтын сияқты. Ол өзін зайырлы қоғам мүшесі санап, демалыс күндері көңілін көтеруге тырысып, зергерлік дүкендерге барып, тіпті желіге онмыңдаған доллар тұратын әшекейлердің суретін салып қояды.
Мәселен, мына фотодағы жүзік $169к, яғни ~75 млн тенге тұрады.
Міне осылай, партия өзін «жаңа адамдармыз» десе де, ескі әдеттерін қоя алмаған сияқты.
Индира Ходжаназарова инста-бикеш статусын берік ұстанса да, үгіт-насихат кезеңдерінде өз парақшасын өшіріп тастапты», — деп жазыпты телеграм арнасы.
фото: https://t.me/ulysmediatg