Ескерту: ДДҰ әр мемлекеттен улы екі препаратты сатылымнан алып тастауға шақырды
ДДҰ Өзбекстанда 20 бала қайтыс болған «ДОК-1 Макс» және «Амбронол» препараттарын барлық елдерде дәріханалардан алып тастауға шақырды.
Дәрілер өндірушісі — MARION Biotech Pvt LTD, (Уттар-Прадеш, Үндістан). ДДҰ дәрі-дәрмектердің қауіпсіздігі мен сапасына кепілдік берген жоқ. Экспертиза екі өнімнің құрамында диетиленгликольдің және этиленгликольдің көп мөлшерін көрсеткен.
«Диетиленгликоль және этиленгликоль тұтынылған кезде адамға улы болып табылады және өлімге әкелуі мүмкін», — деп хабарлады ДДҰ.
ақпарат: Zakon.kz