Ескендір Хасанғалиев пен жұбайы жансақтау бөлімінде жатыр

0
15953

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақ КСР-нің халық артисі, әншi, композитор Ескендір Хасанғалиев коронавирус жұқтырып, жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы әншінің ұлы Біржан Хасанғалиев Instagram желісіндегі парақшасында жазды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Біржан Хасанғалиевтің айтуынша, оның анасы да жансақтау бөлімінде жатыр.

«Соңғы уақытта қаншама қоңыраулар соғылып, ата-анамның емделу барысын біліп жатқандар өте көп. Үлкен рақмет сіздерге! 4-5 күн болды, жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер айтқан «жағдайы тұрақты» деген сөзі көп үміт және сенім береді», – деді Біржан Хасанғалиев.

Айта кетейік, 10 сәуірде Біржан Хасанғалиев ата-анасы коронавирус жұқтырғанын хабарлаған болатын.

 

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету