Есірткіні жарнамалайтын және сатумен айналысатын 3,8 мың интернет-ресурс бұғатталды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда есірткі тарататын сайттар жайлы жазатын студенттерге 150 мың теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар полицейлер жергілікті билікпен бірлесіп 2 мыңға жуық есірткі таратушылардың электронды мекен-жайы көрсетілген жазбаларды жойды.
Психобелсенді заттарды заңсыз тарататын интернет-ресурстары бар грффити — жазбаларды жазған Алматы қаласы колледжінің үш студентінің әрқайсысына 48 мың теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынды.
Естеріңізге саламыз, бұған дейін ұқсас құқық бұзушылық жасағаны үшін Петропавл қаласының тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған қатысты 180 мыңнан астам сомаға айыппұл салынған болатын.
Жыл басынан бері полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен және ПИК бірлесіп елді мекендерде есірткі таратушылардың электронды мекен-жайлары жазылған 1,8 мыңнан астам жазбаны анықтап, жойды.
Осы аралықта ІІМ мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп психобелсенді заттар мен есірткі құралдарды жарнамалайтын және өткізетін 3,8 мыңға жуық интернет–ресурсты анықтап, бұғаттады.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Дереккөз: BAQ.KZ