«Есінен тандыратын зат берген»: Жамбыл облысында әйел оқушы қызын жігіттер топтасып зорлап кеткенін мәлімдеді

0

Сөзінше, сұмдық жағдайдың болғанына екі апта өтсе де, күдіктілердің ешқайсысы қамалмаған. Осылайша іс жылы жабыла ма деп қорқады. Айтуынша 8-сыныптағы қызға айуандық жасағандар естен тандыратын белгісіз зат беріп, онымен жыныстық қатынасқа түскен. Бұл туралы 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына хабарлайды. 

Әйелдің сөзінше, түн ортасында қызының төсегінде жоқ екенін байқап, шарқ ұрып іздейді. Бірақ ақыры байланыса алмай, таңды көзбен атырып көшеге шыққан. Сол кезде ауладағы орындықта қызының сүлесоқ жатқанын аңғарған. Қимылсыз қызын құшақтап, ауруханаға жеткізеді. Оқушыны тексерген мамандар сараптама тағайындаған.

Айгүл Қонқашева сол түні қызын таныс жігіті үйден шығуға көндірген деп отыр. Кейін көлікте тағы үш жігіт болған дейді. Айтуынша, жас шамалары 17, 18, 20, 25-тегі жігіттер 8-сынып оқушысына ойына келгенін істеп, таң сәріде ес-түссіз күйде есік алдына әкеліп тастаған.

фото: caravan.kz