Home Жаңалықтар Есімов денсаулығының сыр бергені туралы Үкімет қаулысы неге жоққа шығарылды?

Есімов денсаулығының сыр бергені туралы Үкімет қаулысы неге жоққа шығарылды?

"Бір күн бұрын Есімов ПТР-тест тапсырып, күтпеген жерден коронавирус анықталды. Сондықтан үкіметтік құжатта осындай тұжырым жазылды..." - деді Сергей Куянов.

0
305

«Самұрық-Қазына» АҚ Қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Сергей Куянов Ахметжан Есімовтің «еңбекке уақытша жарамсыздығы» туралы ақпаратқа түсінік берді, деп хабарлады paryz.kz.

Бірнеше күн бұрын Kozachkov offside Telegram-арнасында Үкімет қаулысына ұқсас құжаттың суреті пайда болды.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңінде үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету мақсатында республика Үкіметі қаулы етеді:

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы міндетін атқару Алмасадам Майданұлы Сәтқалиевке жүктелсін», – делінген құжат мәтінінде.

Сергей Куяновтың айтуынша, Ахметжан Есімовтің жағдайы жақсы.

«Кеше, өздеріңіз көргендей, ол ресми іс-шараға белсенді қатысып, әріптестерімен, ұжыммен әңгімелесті. Ал Үкімет қаулысындағы тұжырымға келетін болсақ, бұл – бірнеше жағдайдың нәтижесі болды. Бір күн бұрын Есімов ПТР-тест тапсырып, күтпеген жерден коронавирус анықталды. Сондықтан үкіметтік құжатта осындай тұжырым жазылды. Бірақ қайта тестілеу және одан кейінгі екінші бақылау теріс нәтиже көрсетті. Яғни, біріншісі қате болған», – деді Сергей Куянов.

Сонымен қатар, ол бұл жағдай Есімовтің қызметтен кету туралы өзінің шешіміне сәйкес келіп қалғанын атап өтті.

1$, 5$, 10$... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету