Есімімнің Әбунасыр екенін 10-сыныпқа келгенде білдім

0

Танып жатса, қуана суретке түсемін. Бірақ іштей қысылып тұрамын — актер.

“Бауыржан шоу” арқылы танылып, кейіннен “Нысана” әзіл-ысқақ театрын құрған Әбунасыр Серіковті білмейтін қазақ жоқ шығар?! Танымал актер бүгінде отандық кинокартиналардың басым көпшілігінде бой көрсетіп жүр. Тек Серіков өзі түскен фильмдерді мүлдем көрмейді екен. Бұл туралы ол Ләйлә Сұлтанқызының “The Эфир” жобасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

“Мен есімімнің Әбунасыр екенін 10-сыныпқа келгенде білдім. Себебі қиын болғандықтан, бәрі Әбеке деп кеткен. Қыздар ғана Әбекешка дейтін”, – деп күлді актер.

Серіковтің айтуынша, қазақстандықтардың басым дені оны таниды. Алайда танымалдылығына қарамастан, актер ел-жұртпен суретке түсуге ұялады.

“Көшеде бәрі таниды. Көбінесе бас киім мен көзілдірік киіп, қашып кетемін. Ұяламын. Солай қысылатыным бар. Танып жатса, қуана суретке түсемін. Бірақ іштей қысылып тұрамын”, – дейді Серіков.

Әбунасыр Серіков не себепті өзі бой көрсеткен театр сахналары мен фильмдерді көрмейтінін айтты.

“Бауыржан шоудан” ең бірінші рет өзімді көрген кезде “ма мен осылай ойнадым ба, бұдан жақсы ойнауым керек еді ғой” деп өз-өзімнен теріс айналдым. Содан кейін көре алмай қалдым. Ол “Нысана” болсын, қанша кинолар болды, мен көре алмадым. Мен тек халық қабыл алса деп ойлаймын. Тек мені емес, тұтас киноны қабылдаса деймін. Себебі бәріміздің еңбегіміз. Ыстықта, суықта қаншама адам далада еңбек етеміз, соның бәрі далаға кетпесе екен деймін”, – дейді Әбунасыр Серіков.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/