«Есімі Жібек»: Гүлзира Айдарбекова болашақ келінін таныстырды

0
1845

Гүлзира Айдарбекова үшінші рет келін түсірмек. Танымал продюсер болашақ келінін көпшілікке көрсетіп таныстырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Заңғар Нұртастың сүйіктісінің есімі Жібек. Айдарбекованың айтуынша, Ұлы жүздің қызы. Екі жас 9 жыл қыз-жігіт болып кездескен. Жуырда Гүлзира және Нұртас Айдарбековтер болашақ құдаларымен кездесіп, «тәтті шай» рәсімін өткізген.

«Сіздерден сүйінші сұрағалы отырмын. Нұртас әулетіне тағы бір келін қосылмақ, есімі Жібек. Ол сүйіншіме, менің кішкентай жүрегім Заңғар баламызға бақыт тілеп қойсаңыздар болғаны. Жібектің ата-анасына мейрамханада дастархан жайып, алдарынан өтіп, той мәселесі жайында келісім жасадық. Қарапайымдылықтары, мінездері өзіміз күткендей болып шықты. Ең бастысы, келінді Алла адалынан жазсын!» – деп қуанышты хабарды жеткізді Гүлзира Үсенқызы.

Айта кетейік, Заңғар Нұртас қалыңдығын көпшілікке көрсетіп, үйленетінін хабарлаған еді.