Домой Жаңалықтар «Есікті іліп алып, айқайладым»: Асанәлі Әшімов екі ұлының өлімінен соң қандай күй...

«Есікті іліп алып, айқайладым»: Асанәлі Әшімов екі ұлының өлімінен соң қандай күй кешкенін айтты

0
1469

Қазақстанның еңбек ері Асанәлі Әшімов өміріндегі ауыр кезеңді есіне алып, оны қалай еңсергенін айтып берді. Абыз актер 1993 жылы жұбайынан, ал 1999 жылы қос ұлынан айырылған. Жақындарының қазасы өнер иесіне ауыр тиген. Қос ұлының өліміне ол өзін кінәлайды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Асанәлі Әшімов өмірінде болған аса ауыр сынақ туралы жан сырын «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында ақтарған. Актер келіншегі мен ұлдарынан айырылған соң өзі де ауырып, ауруханаға түсіп қалған. «Бұл сынақтан қалай өткеніме өзім де таңғаламын. Кітап жаздым, оны роман етейін деп жазғаным жоқ. Майрамен әңгімелесейін деп жаздым. Екіншісі — «Жан бөлек» деп балаларға арнап жаздым. Үйде есікті іліп алып, айқайлаған кезім болды. Тауға шығып алып, Майра деп айқайлайтынмын. Сондай әрекеттермен аман қалдық. Ауырдық, ауруханаға түстік. Жан бөлек болғаннан кейін, тірі адам тіршілігін жасайды екен.  Қазір екінші өмір басталғандай. Адам тірі жүрсе, бәрін көре береді екенсің. Өмірім біркелкі өткен жоқ, жақсылық та, жамандық та болды. Тіл-көзге сенемін, тіпті көз жеткіздік десем болады. Менің жанұяма тіл тиді деп жаздым да. Екеуінің еш себепсіз қатар кетуінен солай ойладым «, — деді ол. Өнер иесінің сөзінше, Мәди есімді ұлы екі айдай ауырып қайтыс болған. Ал Сағи мүлдем аяқ астынан өмірден озды. Біреуі жылдың басында, екіншісі жылдың соңында бақилық болған. Әшімов ұлдарының өліміне өзін кінәлайды. Актер басынан өткен ауыр жағдайды баяндап, көзіне жас алды. «Кейде өзімнен көремін. Даңдайсып кетіп қалған кездеріміз болды. Алла Тағала кішкене қағып жіберді ма деймін. Атақ-абырой көтеріп жіберген кездер болды. «Мә саған!», — деп төбемнен бір-ақ ұрғандай», — деді Асанәлі Әшімов.