Есікте ата-анасы пневмониядан қайтыс болған 4 бала жетім қалды

0

Алматы облысында ата-анасы пневмониядан көз жұмған  4 бала жетім қалды. Олар кәмелет жасына толмаған. Бұл туралы Айқын жазды.

«Сыныптас құрбымыз  Камила Османованың отбасында қайғылы жағдай болды.  1 тамызда туған ағасы қайтыс болды, 5 күн бұрын оның әйелі көз жұмған болатын», – дейді отбасына жақын Әлия Бөкеева.

Оның айтуынша, 4 бала жетім қалған.

9, 5, 4 жасар балалар қалған және жаңадан туған қыз бала ауруханада жансақтау бөлімінде жатыр.  Балаларды әжесі қамқорлығына алады.