ЕСІК ӨЗЕНІ БОЙЫ СЕРУЕН АЙМАҒЫНА АЙНАЛАДЫ!
Тарихи қаланың көркіне көрік қосар жоба! Енді Есік өзенінің бойы абаттандырылып, серуен аймағына айналмақ. Жуырда аудан басшысы Әлібек Жақанбаев жоба желісін барлау мақсатында Есік өзенінің бойын арнайы аралап өтті.
Жоба бойынша өзен бойында қалыптасқан дәстүрлі классикалық стильдерге шағын архитектуралық пішіндерді біріктіру көзделуде. Абаттандыру алаңының ұзындығы шамамен 1 шақырымды құрайды.
Сол жағалауда 3 ойын алаңы, 1 воркаут, велотрек және жаяу жүргіншілер жолы, ал оң жағалауда бір-бірден хоккей алаңы мен шағын футбол стадионы, 2 автотұрақ бой түземек. Сондай-ақ, айналасын көпжылдық қылқан жапырақты ағаштармен көгалдандырмақ.
Аудан әкімі Әлібек Әскербекұлы қала әкімі мен құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшыларына атқарылып жатқан жұмыстардың сапасын әрі уақытылы аяқталуын қадағалауды тапсырды.
Айта кетейік, бұл жоба үш кезеңмен жүзеге асады. Биыл шамамен бір шақырымын аяқтау жоспарлануда. Алдағы жылдары абаттандыру ретімен жүйелі жүзеге аспақ.
Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің баспасөз қызметі.