Ешқандай диетасыз арықтаудың құпиясы ашылды

0
Ешқандай диетасыз арықтаудың құпиясы ашылды


Австралиялық диетолог адамдарға диетасыз арықтаудың жолын ұсынды.

Австралиялық диетолог Джессика Сепель (Jessica Sepel) жоғары калориялы жеңсік астың орнына балама ұсынды. Біріншіден, Сепель пиццаның қамырын гүлді қырыққабатпен алмастыруға кеңес береді.

Екіншіден, жоғары калориялы ұн пастасының орнына диетолог цукиниді жіңішкелеп кесуді ұсынады немесе бұршақ, киноа, қызыл үрмебұршақ және күріштен жасалған макарон пайдаланған жөн дейді. Бұдан бөлек, Сепельдің айтуынша, бадам сүті мен какао ыстық шоколадтың таптырмас баламасы бола алады, ұйықтар алдында ішуге болатын жақсы теңдесі жоқ сусын.

Сонымен қатар диетолог денсаулыққа пайдалы балмұздақты әзірлеу әдісімен бөлісті. Ол үшін блендерде мұздалған банан, бадам сүті, аздап теңіз тұзы, даршын және үйеңкі сиробын араластырып, тоңазытқышқа қатырып қою керек.

Дереккөз: Sputnik