«Ешкімнің отбасы ойран болған жоқ»: Айкерім Қалаубаева Нұрлан Әлімжановқа қатысты мәлімдеме жасады

0

Танымал әнші Айкерім Қалаубаева өнердегі әріптесі Нұрлан Әлімжанмен не байланыстыратынын айтты. Бұл туралы Kznews.kz  ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бүгінде өнерлі дуэт танымал әндердің орындаушыларына айналған.

“Қымбатты менің парақшамдағы алтын жандар! Нұрлан екеуміз сонау бала кезден бір-бірімізге еркелеп өскен достармыз. Жұмысымызға үлкен жауапкершілікпен қараймыз. «Ешкімнің отбасы ойрандалған жоқ, шүкір! Бізді байланыстыратын – өнер! Біз бір-біріміздің жеке шекарамызға мұрын сұқпаймыз. Әркім өз әлемінде бақытты. О, жаратқан ием! Елім, ата-анам, ер азаматым, балаларым, бауырларым және менің қымбатты инста әлемімдегі достарым бағыма аман болсын! Әмин!» – деп жазды әнші.

Айта кетейік, әріптесі туралы Нұрлан Әлімжанов та пікір білдірген болатын.

«Екеумізге қатысты толығырақ ақпаратты кейінірек айтамын. Оны ән арқылы, бейнебаян арқылы, болашақта түсірілетін фильм арқылы түсінесіздер. Бізде қазір үлкен жоба басталды. Бұл той үшін жаза салатын әндер емес. Есті әндер, мән-мағынасы бар, халыққа рухани мұра болып қалатын дүниелерді жасап жатқан жайымыз бар. Енді осы жоба басталғалы ол тек менімен, мен онымен ғана дуэт айтамыз. Сондай шешімге келдік. Бұған жоба ретінде қарап жатырмыз. Өнердегі жұлдызды жұптардың қатарын толтырамыз», – деген еді өнер иесі.

Еске салайық, бұған дейін Айкерім Қалаубаеваның қызына арналған жазбасы көпті ойландырғанын жазған едік.