Ешкімге қажеті жоқ рубльге көміліп отырысымыз мынау — Есен Елеукен

0
3308

«Қазақстан КВН одағының» төрағасы Есен Елеукен өзінің facebook парақшасында теңгеге қастысты жазба қалдырды деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Ақтөбеге бардым, рубльді банкке тапсырып, уыстап тэнгэ алып шығып жатқан ресейліктер. Ал рубльдың құны 8,5 теңге боп тұр. Осы жері менің логикама сыймай тұр.

Соншама рубльді қабылдап не істемекшіміз? Қазір Ресейден зат алу мүмкін емес, жаңа техникалар жоқ, тамақтың бірсыпырасына тосқауыл қойған. Өтпей жатқан мұнайын сатып аламыз ба сонда? Оны өзіміз сата алмай жатырмыз ғой?

Айтпақшы кезінде Ресейде кризис болғанда, теңгені қымбаттатып, қазақтар тайлы-тұяғымыз қалмай, ақшаны төгіп отырып, көмектескен еді. Енді ешкімге қажеті жоқ рубльге көміліп отырысымыз мынау!

Тоқсаныншы жылдары қолымызда бума-бума саман ақша, не істерімізді білмей тентіреп қалып едік, соның кебін қайта кимесек жарар еді…